Президент сайлауалды бағдарламасының нәтижелері

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын ұсынғанына бір жыл өтті.

Республиканың негізгі даму бағыттары белгіленген құжатты іске асырудың бірінші жылында нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Мәселен, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі барлық бала арасында бөлінетін болады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көбейді. Ал бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем беру мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Уақытша жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау жүйесі енгізілді. Оны 1 қарашадағы жағдай бойынша 172 мың адам алды. Әлеуметтік әлсіз топтарға, оның ішінде мүгедектігі бар кәсіпкерлерге 9 мыңнан астам грант берілді.