Аида Балаева Санкт-Петербургте мәдениет қайраткерлерімен кездесті
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Санкт-Петербургте Қазақстан мен Ресейдің мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесті.
Басқосу 9-шы халықаралық мәдени форум аясында өтті. Мұнда әлемнің 70 елінен делегациялар келген. Жиын басында Аида Балаева әнші Әлия Кикенованы "Шапағат" медалімен марапаттады. Ал кездесуде мәдени қайраткерлерді қолдау мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ресейдегі қандастармыздың елге келіп өнер көрсетуіне қолдау көрсетуге дайын екені айтылды. Шеберлік сабақтар мен көрмелер ұйымдастыруға мән беру керектігі аталып өтті.
Әлия Кикенова, әнші:
- Біз осында жүріп, қазақтың мәдениетін, тілін, салт дәстүрімен таныстырамыз. Келесі жылы қазақ мәдени-ұлттық авономиясына отыз бес жыл болады. Соған дайындалып жатырмыз.