Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тиісті тапсырма берді.
Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді. Жүк жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі. Қазақстанның қолдауы Газа секторындағы гуманитарлық апатқа байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған. Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына $1 млн гуманитарлық көмек көрсеткен.