Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушыларға білезік тағу ұсынылды
Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға электронды білезік тағу керек.
Сенатта өткен жиында Бас прокуратура өкілдері осындай ұсыныс жасады. Мамандардың айтуынша, биыл 10 айда күйеуінен зәбір көрген 74 мың әйелге сот үкімімен қорғау нұсқамасы берілген. Алайда, мұның пайдасы аз. Өйткені ескертуді ескермейтін ерлер көп. Елде әйелге зәбір көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілік әлі енгізілген жоқ. Ал полицияға тұрмыстық-зорлық зомбылыққа қатысты күнде 300 шағым түседі.
Сәкен Сәмет, ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің өкілі:
- Бұйрық та, сот талаптары да агрессорға жәбірленушімен бір үйде тұруға тыйым салмайды. Жәбірленушіге жақындауға нақты тыйым жоқ. Біз қорғау нұсқамаларын жәбірленушінің пікірін ескермей шығарып, осы заңды бұзғандарды 10 емес, 30 тәулікке қамауға алуды ұсынамыз. Өйткені жәбірленушілер көбіне қорғау қағазынан бас тартады. Электрондық білезіктер сияқты цифрлық технологияларды енгізу керек деп санаймыз. Мұндай шара Францияда кеңінен қолданылады.