Президент Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды.
Мемлекет басшысы сапар аясында облыстың экономикалық даму барысы және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларымен танысады. Сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көреді деп жоспарланған.