Адам құқықтары мен заң үстемдігін жетілдіру қамы
Президент «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» Жарлыққа қол қойды.
Құжат саланы одан әрі дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, қаулыда Үкімет іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдауы керектігі жазылған. Тапсырманың орындалу барысы туралы ақпарат әр жартыжыл сайын 15 шілде және 5 қаңтарға дейін Президент Әкімшілігіне ұсынылуы тиіс.