Мемлекет басшысы Ерболат Досаевты қабылдады

Алматы қаласының троллейбус паркі кейінгі 11 жылда алғаш рет жаңартыла бастады.

Ол үшін 100 троллейбус сатып алынды, тағы осынша көлік келесі жылы жеткізіледі. Бүгін Президенттің қабылдауында болған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қоғамдық көлік жүйесін экологиялық талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жайында баяндады. Биыл шаһардың автобус паркі экологиялық таза 1150 қоғамдық көлікпен толыққан. Ерболат Досаев биыл экономикалық өсім 6,5 пайыз деңгейінде болжанып отырғанын жеткізді. 11 айда мегаполис бюджетіне 4,9 трлн тг түсім түсіп, 1 трлн 53 млрд тг инвестиция салынған. Сондай-ақ, NEET санатындағы 36 мыңнан астам жас азамат жұмыспен қамтылған. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Алматы шаһарындағы шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту мен көлік жүйесін дамыту жайында нақты міндеттер жүктеді.