Тоқаев: Қазақ-қытай қатынасы көпке үлгі
Еліміздің сыртқы саясатында Қытаймен байланыс маңызды рөл атқарады. Қос елдің қарым-қатынасы көпке үлгі.
Былтыр Қазақстан Президенті Қытайға бір емес, екі мәрте сапармен барып, маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Шығыстағы көршімізбен байланыстан ұтарымыз көп.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты.
«Бір белдеу, бір жол» мегажобасы – Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырады. Былтыр қос ел арасындағы визасыз жүру режімі күшіне енді. Азаматтарымыз осы мүмкіндікті оңтайлы пайдаланады деп үміттенемін деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Екі елдің өзара тауар айналымы жыл санап артып келеді. Оның көлемі 2023 жылдың 10 айдағы қорытындысы бойынша 24,3 миллиард долларға жетті. Бұл – жаңа рекорд! Қазір экспортқа шығарылатын отандық тауар түрлерін көбейтіп, ҚХР-ға жүк тасымалын арттыру үшін белсене жұмыс істеп жатырмыз. Қытай бұрыннан Қазақстан экономикасына мол қаржы құйған ірі инвесторлардың қатарына кіреді. Осы уақытқа дейін ҚХР елімізге 24 миллиард доллар инвестиция салды.
Мемлекет басшысы, Ұлт мүддесін ескере отырып, сындарлы әрі салиқалы сыртқы саясатты жалғастыратынын жеткізді. Мәселен Қазақстан биыл бірнеше беделді халықаралық ұйымға төрағалық етеді. Осыған қатысты Саясаттанушылардың пікірін тыңдап көрсек.
- Расул мырза, өткен жылы Қазақстанның сыртқы саясаты қандай жетістіктермен есте қалды?
- Көршілес Ресей және Қытай елдерімен арадағы қарым-қатынас қалай дамиды?
Расул Арин, саясаттанушы: