Қазақстан «Бір Қытай» қағидатын қолдайды
Тайвань Қытай Халық Республикасының ажырамас бөлігі.
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Тайваньдағы сайлау қорытындыларына қатысты түсініктеме берді. Қазақстан «бір Қытай» қағидатын қолдайды және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет, ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі. Қытай үкіметінің елді бейбіт жолмен біріктіру жолындағы күш-жігерін қолдаймыз, делінген ведомствоның ресми сайтында жарияланған хабарламада.