Президент басым бағыттарды айқындап берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты жаңа жылдың саяси өміріндегі маңызды оқиға болды.
Біріншіден, қаңтар рөлі айқындалды. Екіншіден, саяси реформалар қарқыны күшейді. Сарапшылар осылай дейді.
Айтуларынша, Мемлекет басшысы ел дамуының болашақ бағдарын көрсетті. Азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыру үшін қабылданып жатқан шешімдермен бөлісіп, Үкімет алдына бірқатар міндет жүктегенін айтты.
Олжас Байділдинов, ҚР Президентінің іс басқармасы жанындағы парламентаризм институтының сарапшысы:
- Президентіміз азаматтардың қарызға белшесінен батқанына алаңдаушылық білдірді. Расымен, қалыптасқан жағдайға мемлекет араласатын кез келді. Өйткені қазір терминалдан несие алу оп-оңай. Оның үстіне интернет алаяқтардың да саны артты. Қасым-Жомарт Тоқаев қазір нақты шаралар қолға алынғанын айтты. Талап күшейеді деп сенеміз.
Ермек Тоқтаров, ҚР Президенті жанындағы қсзи стратегиялық талдау бөлімінің басшысы:
- Елдегі өзгерістер біртіндеп және дәйекті түрде жүруде. Реформалар мұнымен тоқтап қалмайды. Бірақ бұл жерде қоғам шешуші рөл атқаруы керек. Мемлекет басшысы қоғамға үлкен үміт артады. Ыдырататын емес, біріктіретін жолды таңдап, тек қана алға қарауымыз керек", - деп сұхбатында ел дамуының болашақ бағдарын көрсетеді.