Үкімет басшысын «AMANAT» партиясы ұсынады
Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли ҚР Премьер-Министрі мен Үкімет мүшелерінің қалай тағайындалатыны туралы айтты.
Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысы «AMANAT» партиясы ұсынған кандидатураны қарайды. «Егер Президент ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Ал Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-Министрді тағайындайды. Содан кейін Үкімет құрамын жасақтау басталады», - деді Берік Уәли.
Айта кетейік, 7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.