Сәтқалиев Энергетика министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды.
Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы жеке секторда бастаған.
1997-2001 жылдары «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының менеджері, департамент бастығы, басқарушы директоры, вице-президенті болып жұмыс істеді.
2001-2006 жылдары «KEGOC» АҚ қаржы директоры, вице-президенті, бірінші вице-президенті болды.
2006-2007 жылдары «KEGOC» АҚ бойынша топ жетекшісі, «Самұрық» АҚ электро-энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.
2007 жылы Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
2007-2011 жылдары «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ тұңғыш вице-президенті, президенті, басқарма төрағасы, президенті болды.
2011-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.
2012-2018 жылдары – «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы.
2018-2021 жылдары «KazEnergy» ЗТБ төрағасының орынбасары, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару бойынша басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
2021 жылғы наурыздан 2023 жылғы сәуірге дейін – «Самұрық-Энерго» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы.
2023 жылдың 4 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалды.