Елімізге Катардан тартылатын инвестиция еселенеді
Қазақстанға Катардан тартылатын инвестиция еселенеді.
Алыс-беріс артады. Бұл туралы Қазақстанның осы елдегі Төтенше және өкілетті елшісі Арман Исағалиев мәлімдеді. Айта кету керек соңғы 10-15 жылда аталған елден 75 млн доллар инвестиция тартылған. Катар тарапын Қазақстанның орасан зор транзиттік, энергетикалық және ауыл шаруашылығындағы әлеуеті қызықтырады. Елшінің айтуынша, қос тарап нақты салалар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі.
Арман Исағалиев, ҚР Катар мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті Елшісі:
- Болашақта Қатар біздердің ең үлкен стратегиялық инвесторымыз болады. Ешбір Араб мемлекеттерінен келмеген инвестиция көлемі осы Қатардан келеді. Біздің Қазақстанда газ өндірісін дамыту бойынша үлкен жобаларды іске асырамыз. Бидайдың терең өңдеу зауытын ашамыз. Бұл үлкен жоба болып табылады. Болашақта үлкен сұранысқа ие глютен крахмал деген өзіміз Қазақстанда өндіретін өнімдерді сыртқа шығарамыз құдай қаласа осы зауыттың арқасында. Медицина саласында да жақсы қомақты жобалар бар. Астана қаласында үлкен медициналық хаб ашу жоспарланған.