Президент Қатар басшыларымен екіжақты кездесу өткізеді
Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Қатарға келді.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Дохадағы «Хамад» халықаралық әуежайынан Қатар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар басшыларымен екіжақты кездесу өткізіп, маңызды құжатқа қол қойылады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ Президент қазақ-катар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған.