Қ. Тоқаев Қатар парламентінде сөз сөйлейді
Мемлекет басшысы Қатарға сапары аясында сол елдің консультативті жиналысы мүшелерінің алдында сөз сөйлейді, деп хабарлайды 24KZ.
Араб тілінде Мәжіліс Аш-Шура деп аталатын Қатар парламентінің депутаттарын сайлау ел тарихында тұңғыш рет 2021 жылдың қазан айында өтті. Қасым Жомарт Тоқаев Қатар мемлекетіндегі саяси реформалардың маңыздылығына тоқтала отырып, Қазақстанда жүзеге асқан саяси өзгерістер турасында баяндайды.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Катарда 2 күндік мемлекеттік сапармен жүр.
Арман Исағалиев, ҚР Қатар мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі:
- Қатар мемлекетінде бұрында болмаған жағдай. Шура деп аталады, өздері. Консультативті совет, жаңағы мәжіліс. Алғаш рет Қазақстан мемлекетінің басшысына деген құрметпен қарап жатқаны соншалықты, парламент мүшелерін шақырып, соның алдында сөз сөйлеуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға тоқтайды және жалпы Таяу Шығыстағы соңғы уақытта белең алған оқиғаларға тоқталып кетеді.