Қатарлық компания елге инвестиция құюға ниетті

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қатардың Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады.

Қос тарап экономиканың түрлі секторындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын пысықтады. Компания басшылары Президентке  Қашағанда газ өңдеу зауыттарын, Қызылорда облысында бу-газ қондырғыларының технологиясына негізделген электр станциясын салу жоспары жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ жаңа компрессор станциясын салуға, Бейнеу – Бозой – Шымкент және Ақтөбе – Қостанай газ құбырларын жүргізуге ниет білдірді. Мемлекет басшысы еліміздің ұзақмерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұл жобалардың ерекше маңызға ие екенін айтты.