Жұмыстан босатылған мемқызметшілерге тағы бір мүмкіндік берілмек
Елімізде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлерге тағы бір мүмкіндік берілмек.
Депутаттар Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Себебі Конституциялық сотта тәртіптік теріс қылық жасаған жұмысшыларды өмір бойына қызметтен шектеу Конституцияға сәйкес келмейді деп танылды. Сонымен қатар жиында кейбір заңнамалық актілерді Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселесі талқыға түсті. Яғни көліктердің түріне қарай көшеде жүруін ұйымдастыру, жол қауіпсіздігін цифрландыруға қатысты өзгерістер туралы айтылды. Бұдан бөлек, туристік индустрияны қолдау мәселелері бойынша маңызды заң жобасы қаралды.
Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
-Мерзімсіз тыйым салудың орнына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауды шектеудің 2 жылдық мерзімі белгіленеді. Заң жобасында мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі шектеулерді салааралық саралау көзделген.