Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.

Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауылшаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.