Үкіметке жаңа өкілеттік беріледі
Мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешу өкілеттіктері Үкіметке беріледі.
Тиісті заң жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Азаматтық кодекстен Әкімшілік кодекске ауыстыру көзделген. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы даулардың қаралу тәсілі әзірленді.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
- Бұл жерде дауды шешудің мәні заңнамалық актілерді түсіндіру емес, құқық туралы дауды шешу болып табылады. Мысалы, егер бір мемлекеттік орган басқа бір мемлекеттік органмен келіспесе, онда ол жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе құзыретті органға, тиісінше Үкімет аппаратына жүгінуге құқылы болады.