ЕҚЫҰ еліміздегі реформаларды қолдады
Қазақстан Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту үшін БҰҰ асяында бірқатар жобаны қолға алуды ұсынады.
Мәселе Австрияда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтамақтастық ұйымының Тұрақты кеңесінің кезекті отырысында кеңінен талқыланды. Жиынға қатысушылар елдегі реформаларға қолдау білдірді.
Еуропалық қауіпсіздік және ынтамақтастық ұйымының Тұрақты Кеңесінің отырысында энергетикалық қауіпсіздік, азық-түлік дағдарысы және климаттың өзгеруі сияқты жаһандық мәселелер талқыланды. Мұрат Нұртілеу Қазақстанның ұйым алдында тұрған күрделі мәселелерді шешуге барынша атсалыса беретінін жеткізді.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
- Біз Орталық Азиядағы күн тәртібінде тұрған су тапшылығы мен климаттың өзгеруі сияқты өткір мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табуға күш саламыз. Осы ретте Қазақстан Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Бірккен ұлттар ұйымының орнықты даму жөніндегі Өңірлік орталығын құруды ұсынып отыр. 2026 жылы Біріккен ұлттар ұйымының климат жөніндегі өңірлік саммитін өткізбекпіз. Ал келешкте СОР Климаттық конференциясын қабылдауға дайынбыз.
Кездесуде Мұрат Нұртілеу Қазақстанда қандай экономикалық және саяси өзгерістер болып жатқаны жайлы баяндап берді. Еліміздің экономиканы әртараптандыру бойынша бағдарламаларға тоқталды. Шараға қатысушылар мемлекетіміздің өңірлік серіктестікті нығайтуға бағытталған бастамаларына оң бағасын берді.
Раса Остраускайте, ЕҚЫҰ жанындағы ЕО-ның тұрақты өкілі:
- Біз Қазақстанның Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты жандандыруға қосқан елеулі үлесі мен күш-жігері үшін алғыс айтамыз. Қазір еліңіз осы бағытта көптеген жобаны қолға алып жатқанын білеміз. Бұл шаралардың аймақтағы ахуалды жақсартуға септігін тигізетініне сенімдіміз.
Шара аясында Мұрат Нұртілеу Еуропалық қауіпсіздік және ынтамақтастық ұйымының Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті. Саясаткер еліміздегі саяси және экономиклық реформаларды қолдайтынын жеткізді.
Фариза Жанғанаева, Алия Сыздыкова, Руслан Омиржан