Ұлттық құрылтайда Атырау өңірінің мәселелері көтерілді
Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер ескерусіз қалмайды.
Атыраулық зиялы қауым: «алқалы жиынның мұнайлы аймақта өтуі өңірдегі түйткілдердің шешілуіне мүмкіндік береді», – дейді. Зиялы қауім өкілдерінің сөзінше, қазір өңірде азық-түлік қауіпсіздігі мен жергілікті өнім өндіру мәселесі өзекті. Бұған қоса экологиялық ахуал да көпті толғандырып жүр. Құрылтайға қатысқан қоғамдық кеңес төрағасы Мақсым Ізбасов: «Атырауды экологиялық аймаққа жатқызу мәселесін мемлекеттік комиссия қарауы керек», – дейді.
Мақсым Ізбасов, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы:
- Атырау өңірінде өткеннен кейін аймақтың күрделі мәселелері де қамтылып кетті. Оның ішінде Жайық суының төмендігі, Каспийдің кейін қарай 20-25 шақырым шегініп кетуі, сонымен қатар кәріз жүйесі. Бүгінгі таңда Атырауда кәріз жүйесімен қамтылған бар болғаны 25% шамасында. Жұлдыз сияқты ышқам аудандарда халыққа үлкен зиянын келтіріп жатыр. Осы мәселені де Мемлекет ,асшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қамтып кетті. Сондықтан құрылтайдың шешімдерінен, біздің аймақта өтуінен үлкен үміттер күтеміз.