Е. Қарин саяси фракция жетекшілерімен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесу өткізді.
«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы көтерген бастамаларды тиімді іске асыру жолдары талқыланды. Мемлекеттік кеңесші осы ретте заңнамалық тұрғыдан қолдау көрсетіп, депутаттардың бұл іске белсенді атсалысу керегін атап өтті. Ол үшін алдымен есірткіні өндіру, лудомания, вандализм, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілікті күшейту қажет. Сондай-ақ мемлекеттік наградалар, ономастика, археологиялық қызмет туралы және басқа да заңдарға түзетулер енгізу қажет. Бүгінде аталған мәселелерге қатысты заң жобалары Мәжілістің қарауына өткен. Ал тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы заңды Мәжіліс қабылдап, Сенатқа жіберген. Жиынға қатысушылар Президент ұсынған жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесші:
- Бұл кездесудің негізгі мақсаты - Мемлекет басшысының ұлттық құрылтайдағы көтерген жаңа бастамаларын жүзеге асыру жолдары, идеалогиялық құндылықтарының бір жаңа жүйесін жинақтап, жүйлепе қоғамға ұсынған болатын. Сондықтан бұл құндылықтар алдағы уақытта мемлекет тарапынан жүргізілетін қоғамдық мәдени, гуманитарлық саладағы жұмыстың негізін қалыптастырады.