Мемлекет басшысы халық артисі Жәния Әубәкірованы қабылдады
Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде елдегі мәдениет саласының дамуы және өзекті проблемалар талқыланды. Халық әртісі жеке шығармашылығы және авторлық мектебі жайында баяндады. Ұлттық консерваторияны басқарған маман музыкалық жоғары білім саласы туралы президентпен ой бөлісіп, қоғамдық мәселелерге қатысты ұсыныстарын жеткізді.