Алматылықтар Ресей консулдығына гүл шоқтарын қойды
Алматылықтар Ресейдің Алматыдағы консулдығына барып, Мәскеу облысындағы терактіде қаза болғандарды еске алу үшін гүл шоқтарын қоюда.
Қазақстан халқы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Гүлдер мен «Аза тұрамыз» деген жазбалар ғимараттың қақпасының алдына қойылды. Қаза болғандарды еске алу үшін алматылықтар шам жақты. Еске сала кетейін, кеше кешке «Крокус сити холл» ойын-сауық орталығында концерт залында оқ атылып, шабуыл салдарынан жүздеген адам зардап шекті. 60-тан астам адам қаза тапты.
Ольга Пестова, Алматы қаласының тұрғыны:
- Кеше осы қайғылы оқиға туралы Мәскеуге ұшып бара жатқан құрбымнан естігенде, қатты қорқып, абдырап қалдым. Өйткені басқа бір құрбым Крокус Сити орталығындағы концертке бара жатқан еді. Алматыдағы құрбым маған ол жерде террорлық акт болғанын айтқан кезде мен телефонды тастай салдым. Дереу концертке кеткен құрбыма қоңырау шала бастадым, ол «Біз бара жатырмыз» дейді, мен «қайда барасыңдар?» деп сұрадым. Ол: "Біз үйге оралудамыз, ол жақта террорлық шабуыл жасалды» деді. Біз енді 17-сі күні дәл осында болғанбыз, қазір міне біз тағы да Ресей консулдығының алдында көңіл айтып тұрмыз.
Алексей Бибиков, Ресей Федерациясының азаматы:
- Кеше біз Мәскеуден Алматыға кешкі рейспен қайтып жатқанда, әуежайға келгенде қорқынышты қайғылы оқиға туралы естідік. Осында келген соң, біз осы қорқынышты терактінің құрбандарын еске алуға шешім қабылдадық. Және біз қаза болғандардың барлық туыстарына көңіл айтамыз.