Депутат құмар ойын арасынан лотоклубтарды назарға алуды ұсынды

Елде 400 мыңнан астам адам букмекерлер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған.

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында осындай дерек келтірілді. Қазір ойын бизнесі саласын реттеу жөніндегі заң жобасы әзіреленуде. Онда бәс тігуге шақыратын ірі компанияларға қатысты шара қолдану қарастырылған. Депутат Руслан Берденов лотоклубтардың жұмысын да назарға алу керектігін айтады.

Руслан Берденов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Құмар ойындарының төңірегінде үлкен мүдделі топтар бар. Оның бәрін қашанда айтып келемін. Ол мүдделі топтардың қарсы ақпараттық жұмыстарын да көрдік. Өкінішке қарай қазір біздің әледік деңгейдегі спортшыларымыз осы құмар ойындарының жарнамасын жасап жүр, блогерлар да осыны жарнамалауда. осыған байланысты біз шаралар қолданамыз. Осы заңның кіргенін көп уақыт күттік. Ішінде жақсы-жақсы толықтырулар бар. Одан да бөлек біз айтпай жатқан толықтырулар бар. Оның барлығын біз енгізіп, Президентіміз айтқандай, осы сессияның соңына дейін заң шығарамыз деген ниеттеміз.