Қ. Тоқаев: Зардап шеккен азаматтар ескерусіз қалмайды
Тасқын судан зардап шеккен бірде-бір адамды мемлекет ескерусіз қалдырмайды. Қазақстан халқына үндеуінде осылай деген Президент оларға қаржылық және басқа да көмек берілетінін айтты.
Материалдық шығындар толық өтелетінін жеткізді. Жағдайдың күрделі болғанына қарамастан қиындықты еңсеріп, барлығын қалпына келтіреміз. Бастысы – азаматтардың амандығы, – деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі.