Наталья Годунова жаңа қызметке тағайындалды
Наталья Годунова "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып тағайындалды.
Еске сала кетейік, "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Жалғыз акционерінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып Наталья Николаевна Годунова сайланды.
Айта кетейік, Наталья Годунова 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылған болатын. Оның орнына бұл қызметке экс-премьер Әлихан Смайылов тағайындалған.