Қ. Тоқаев: Астана халықаралық форумы өтпейді
Мемлекет басшысы биыл 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Бұған елдегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажеттігі түрткі болды. Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді.
Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастырады.
Бауыржан Ысқақ, экономист:
- Егер биыл осыны жылдағыдай өткізген жағдайда, әрине, ол да бір әлеуметтік бюджетке соққы болары сөзсіз. Өңірлерде, орталық атқарушы органдарда өздерінің шығындарына қарау керек те, содан үнемделген қаражаттарды дәл қазіргі уақыттағы мемлекеттің бюджетіне ауыр соққы болып тұрған батыстағы, солтүстіктегі су тасқынына қарсы қаражатқа аударуға жақсы бір мүмкіндік.