СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленіске қатысты мәлімдеме жасады.
Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы ахуалға терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырды. «Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді», делінген ресми сайттағы жазбада.