Достық үйінің қызметін жетілдіру керек
Достық үйінің қызметін жетілдіріп, күшейте түсу керек. Президент бүгінде бұл мекемелердің жалпыұлттық ықпалдастық үшін қажетті орталыққа айналғанын атап өтті.
Алайда қазір қоғамдық кездесулер мен талқылаулар өтетін және тың бастамалар мен идеялар туындайтын комьюнити-орталық қажет, – деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Достық үйі этномәдени бірлестіктер бас қосатын орын ғана болып қалмауы керек. Сонымен бірге ол жергілікті қоғамдастықтардың дамуына жол ашып, тірек болатын, бірлік, жасампаздық, өрлеу сияқты құндылықтарды дәріптейтін орталық болуы қажет.