Ақордада Малайзия премьерін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

«Ақорда» резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Оның аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен мәртебелі мейман бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан Президенті мен Малайзия Премьер-министріне рапорт берді. Бұдан соң қос елдің әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим келіссөз залына өтті.