Ерлан Қошанов Түркия Ұлттық мәжілісінің төрағасымен кездесті
Анадолы елі Қазақстан Президентінің саяси және экономикалық реформаларын толық қолдайды.
Түрік Республикасы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы қазақ әріптесімен кездесуінде осылай деді. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Нуман Куртулмушпен кездесіп, елімізде мемлекеттік биліктің барлық тармағын тепе-теңдікте ұстайтын жаңа саяси жүйе қалыптасып келе жатқанын атап өтті. Палата төрағасы Мемлекет басшысының 2029 жылға қарай халқымыздың әл-ауқатын еселеуді көздейтін жаңа экономикалық саясаты туралы да айтты. Мәртебелі меймандарға Мәжілістің заң шығару қызметі туралы ақпарат берілді. Тараптар екі ел депутаттары достық топтарының жұмысы туралы пікір алмасты.