Органикалық өнім өндірісі туралы заң мақұлданды

Бүгін Cенат депутаттары ғылым және технологиялық саясат туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады.

Бұл нормалар отандық ғылымды дамыту жайын жеңілдетуге бағытталған. Сенаторлардың сөзінше, аталмыш құжатта саладағы стратегиялық, кәсіби және әлеуметтік мәселелерді шешуді көзделген. Сондай-ақ, жоғары палата өкілдері бүгін органикалық өнім өндірісі және айна-лымы туралы, заңды да мақұлдады. Бұл құжатта органикалық тауарлардың өндірісіне көшудің негізгі шарттары қарастырылған. Мұнда өнімді өндіруге, және таңбалауға қатысты тікелей талаптар белгіленген. Сондай-ақ оны есепке алу және қадағалау жүйесі енгізілген.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Мақұлданған заңдар елімізде органикалық өнім нарығын дамыту мақсатымен әзірленді. Осы заңдар арқылы органикалық өнім өндірісі мен айналымының құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері айқынды. Сонымен қатар түзетулер аясында органикалық өнім нарығын мемлекеттік реттеу шаралары қарастырылып отыр. Жалпы мақұлданған заңдар органикалық өнімдердің сапасын және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.