А.Омарова: Қазақстан әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру үшін күш салады
Қазақстан әйелдердің қоғамдағы рөлін арттырып, саясат пен экономика және қоғамдық өмірде гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізуі үшін күш салады, деп хабарлайды 24kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда қол қойған ұлттық заңнамадағы өзгерістер әйелдер мен балалардың құқын қорғауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде қоғамда оң өзгерістер қалыптасады. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Айман Омарова Страсбургте өткен жиында осылай деді. Халықаралық конференция «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күрес жөніндегі конвенцияның» 10 жылдығы аясында өтті. Қатысушылар Қазақстандағы елеулі өзгерістерге назар аударып, біздің тәжірибе өзге елдерге үлгі болатынына сенім білдірді.