Е. Қошанов Мысыр Парламенті Сенатының төрағасымен жүздесті
Мәжіліс төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келген Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқпен кездесті, деп хабарлайды 24KZ.
Жүздесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттырудың тетіктері талқыланды. Сауда-экономикалық, көлік-транзит, туризм саласы мен мәдени-гуманитарлық саладағы мәселелерді пысықтады. Ерлан Қошанов Қазақстан мен Мысыр арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толғанына тоқталды. Өз кезегінде Әбделуахаб Әбделразеқ елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды толық қолдайтынын айтты.