Әділетті Қазақстанның мәні неде?
«Әділдік идеясы қоғамның сұранысына да, мемлекеттің ұстанымына да сай келеді. Осылайша, «Әділетті Қазақстан» ұлтты ұйыстыратын идеяға айналды».
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Егемен Қазақстан» газетіне мақала жазып, Президент бастамасының мәнін түсіндірді, деп хабарлайды 24kz.
Оның пікірінше, «Әділетті Қазақстан» – мемлекет идеологиясының өзегі әрі саясаттың түпкі мақсаты. Сонымен бірге бұл – қоғам санасына орныққан болашақтың бет-бейнесі. Ал қаңтар оқиғасынан кейін тіпті бүкіл қоғамның идеологиялық темірқазығына айналған. Мемлекеттік кеңесші соңғы жылдары көптеген шешім осы идеяға сай қабылданып жатқанын да еске алды.