Сенат «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады
Парламент Сенаты «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады.
Жаңа құжатта медиадағы қазақ тілінің үлесін арттыру қарастырылған. Мемлекеттік тілдегі теле-радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі 60%-ке дейін ұлғаяды. Шетелдік өнімдер де біршама азаймақ. Сондай-ақ балалар контентіне ерекше назар аударылады. Бұған арнайы гранттар бөліну жоспарланып отыр. Оған қоса министрлік мультфильмдерді ана тілге аударып, бүлдіршін көрермендерге басымдық беруге дайын екенін жеткізді. Жаңа заң журналистердің ақпарат алуын да жеңілдетеді.
Айта кетейік, елде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді. Оның 200-ден астамы – телеарна.
Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:
- Егер де төтенше жағдай болса, 3 сағаттың ішінде жауап беру керек. Егер де мемлекеттік органның мәлімдемесін анықтау үшін, я болмаса мем. орган басшысының сөзін анықтау үшін – 2 күн. Ал жалпы үлкен сауал болса, 7 күн 5 күнге дейін қысқарды.