Тоқаев Португалия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әріптесі Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны елдің ұлттық мерекесі Португалия күнімен құттықтады.
Ғасырлар бойы қалыптасқан терең тарих пен бай мәдени мұраға сүйене отырып, бүгінде Португалия өзінің орнықты даму, халқының әл-ауқатын жақсарту және халықаралық аренадағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Отаныңыз әрі қарай қарыштап өркендеуіне, мерейінің әрқашан үстем болуына тілектеспін. Астана мен Лиссабон арасындағы достық қарым-қатынастар алдағы уақытта ел-деріміздің игілігі үшін, ұдайы дами беретініне сенімдімін, деп жазылған жеделхатта.