ОА: «Заң үстемдігі» бағдарламасының қорытындысы Еуроодақтың қатысуымен талқыланды
Еуропа Одағы мен Еуропа Кеңесінің мүшелері бүгін елордада бас қосып, Орталық Азиядағы кең ауқымды бірлескен «Заң үстемдігі» бағдарламасының қорытындысын талқылады.
Жеке елдің ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, адам құқығы, экономикалық қылмыстармен күресу және мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне қолдау көрсеткен. Одан бөлек, білім саласындағы мәселелер мен техникалық көмек көрсету де қарастырылған. Қос одақ пен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан негізгі серіктестері болып қала береді. Тіпті олар Орталық Азияда ортақ құқықтық алаң құруды көздеп отыр.
Кестутис Янкаускас, Қазақстандағы Еуропалық одақтың Елшісі:
- Әріптестікті, өзара қарым-қатынасты, инвестицияны, іскерлік сауданы дамыту бәріміз үшін де маңызды. Бізге бір құқықтық кеңістікте өмір сүру керек. Біз 4 жарым жыл ішінде әртүрлі елдерде 200-ге жуық іс-шара өткіздік. Бүгін біздің сарапшылар біз өткен қателіктерімізді қайталамау үшін, түрлі оқиғаларды ортаға салып, талқылап, қорытынды шығарады.
Игорь Рогов, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөнiндегi комиссияның төрағасы:
- Еуропалық тәжірибе біз үшін өте маңызды. Мысалы, Азаптауға қарсы күрес мәселелерін қарастырдық. Қазақстанда адамдарға қысым көрсеткісі келетін жүйелі күштер жоқ. Дегенмен, жекелеген шенеуніктерге жеткілікті бақылау жүргізілмейді. Тиісті мемлекеттік органдардың, адвокаттардың бақылауы керек. Біз еуропалық әріптестеріміздің тәжірибесінен алуға тырыстық.