Женевада Қазақстанның антиядролық бастамалары ұсынылды
Еліміз келер жылы ядролық қаруға тыйым салу туралы халықаралық шарттың ІІІ конференциясына төрағалық етеді.
Осыған орай халықаралық қауымдастық өкілдері Женевада бас қосып, алда атқарылуы тиіс жоспарларды пысықтады. Мәселен, Қазақстан мен Кирибати мемлекетінің бастамасы бойынша 2025 жылы ядролық сынақ құрбандарына көмек көрсетудің халықаралық қорын құру жоспары бар. Бұл қордың мақсаты қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі жобаларды қаржыландыруға арналған.
Мелисса Парк, халықаралық ядролық қаруды жою науқанының атқарушы директоры:
- Қазақстан осы көпжылдық процестің қатысушысы бола отырып, шынымен де маңызды рөл атқарады, ел ядролық сынақтардың құрбандарына көмек көрсету және қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі жұмыс топтарының бірігуінде белсенді рөл атқарады. Біз Қазақстанның ауқымды бастамалырына және оның тиімділігіне тәнті болдық. Бұл жобалар адамзат игілігі үшін үлкен нәтижелер алып келеді деген үміттемін.
Ричард Леннан, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің кеңесшісі:
- Қазақстан басынан бастап бүкіл процестің қатысушысы болды, өйткені оның ядролық сынақтарға қатысты үлкен тәжірибесі бар. Ел ядролық қарудың қарапайым халыққа тигізер залалын жақсы біледі. Қазақстан үшін бұл процес өте маңызды.
Жангелді Сырымбет, БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі:
- Қазіргі жағдайда біз осы шарттың универсализациялауын қамтамасыз етуге жұмыс істеп жатырмыз. 70 ел ратификациялап, 93 мемлекет қол қойды шартқа. Одан кейінгі енді мақсатымыз – 100-ден көп болу. Енді Қазақстан осы салада көшбасшы болып, біз оны middle power мәртебесіне ие болды. Елімізді бәрі таниды.