Президент Киевте қазақстандық журналистке жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысы дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма бергендігін айтып, қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік Киев Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты қастандық әрекеті жасалған. Журналист мінген көлікке белгісіз біреулер оқ жаудырып, Айдос Садықовты ауыр жаралаған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр.