Т. Дүйсенова БҰҰ Даму бағдарламасының ҚР Тұрақты өкілімен кездесті

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Біріккен ұлттар ұйымы Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьеринамен кездесті.

Кездесуде Қазақстан Үкіметі мен халықаралық ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне мән берілді. Алдағы бірлескен жоспарлар пысықталды. Катаржина Вавьерина Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен инклюзивті ортаны жетілдіру, мүгедектерді оңалту және реабилитациялау шараларын нығайтуға қызығушылық білдірді. Ол сондай-ақ денсаулық сақтау саласын, креативті индустрияны цифрландыруды дамыту бойынша бірқатар ұсыныс айтты. Бұдан бөлек "БҰҰ Даму бағдарламасы" Қазақстанның әлеуметтік саланы цифрландырудағы жетістіктерін жоғары бағалады. Осы үдеріске қосқан сүбелі үлесі үшін Тамара Дүйсеноваға "Цифрландыру бойынша жыл үздігі" сертификаты табысталды.