Сарапшы: Мәслихаттардың рөлін арттыру керек

«Өңірдегі мәслихаттардың рөлі төмендеп кетті». Осылай деген сарапшылар жергілікті өкілетті органның жұмысына алаңдаушылық білдірді.

Олардың міндеті мен перспективалары тақырыбында өткен кездесуде мәселелер жан-жақты талқыланды. Мамандар мәслихат депутаттарының аймақтағы түйткілдерді шешуге тікелей мұрындық болуы керектігін еске салды.

Жамаладин Ибрагимов, заң ғылымдарының докторы:

- Жергілікті жердің бюджетін шешу кезінде, жергілікті жердің нақты бір санитарлық-эпидемиологиялық тазалық мәселелерінде бірігіп жұмыс істейді. Бірақ көп жағдайда мәслихаттың рөлінің бәсеңдеп қалатынын білеміз. Осы салаға байланысты шынтуайтына келгенде, заңға сәйкес мәслихаттың рөлі бүгінгі таңда заң шығарушы өкілді орган парламентпен бірдей болуы керек.