Берік Уәли Киевтегі қастандыққа қатысты пікір білдірді
Айдос Садықовқа қастандық Украинада жасалғандықтан, тергеуді осы елдің құзырлы ведомстволары жүргізеді.
ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tengrinews. Берік Уәли жәбірленушіге тағылған бұрынғы айыптарға қарамастан, ол әуелі Қазақстан азаматы екенін ескеру керектігін айтты. Тиісінше ол өзінің отбасымен бірге өз құқықтарын пайдаланады. «Конституцияға сәйкес шекарадан тыс жерде болса да, олар мемлекеттің қолдауы мен қорғауына сенім арта алады», – деді. Сондықтан Президент тиісті мемлекеттік және дипломатиялық қызметтерге, егер олардың келісімі болса, Садықовтар отбасына барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырғанын сөз етті.