АҚШ елшісі тұңғыш рет Ұлытау облысында болды

АҚШ елшісі тұңғыш рет Ұлытау облысында болды
www.gov.kz

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблум арасында ізеттілік жүздесу өтті.

Өңір басшысы елшіге жаңадан құрылған облыста жүзеге асырылып жатқан жобалар жайында баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Облыс әкімі кездесу барысында 2027 жылға дейін металлургия, өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 1.6 миллиард долларды құрайтын 27 инвестициялық жобаны іске қосудың жоспарда тұрғанын жеткізді.

Сонымен қатар өңір басшысы американдық инвестор Global Chemicals Industries демеуімен қуаттылығы жылына 200 мың тонна барит кенін өндіретін «Қаражал Оперейтинг» инвестжобасының (құны 13.3 млн.доллар) сәтті жүзеге асып жатқандығын да айтты.

«Ізеттілік кездесуімізді оңтайлы пайдаланып, сіздердің кәсіпкерлерді біздің облысқа инвестор болуға шақырамыз. Мұндай қадам өңірге өз септігін тигізіп қана қоймай, өңіраралық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін», - деді облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде.

 

Ұлытау облысының әкімдігі