Киевте Қазақстан азаматын атып кеткен күдікті ұсталды
Киевте Қазақстан азаматына шабуыл жасаған күдіктінің бірі ұсталды.
Бұл туралы Қазақстанның бас прокуратурасы мәлімдеді. Кеше күдікті Алтай Жақанбаев ішкі істер органдарына өзі хабарласып, жағдайдың мән-жайын баяндаған. Сол күні Жақанбаев қамауға алынды. Тағы бір күдікті Мейрам Каратаевтың тұрған жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Естеріңізде болса, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратурамен осы жылдың 18 маусымында Киев қаласында Қазақстан азаматын өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Украинаның құқық қорғау органдары жеделдігі мен кәсібилігін көрсете отырып, қысқа мерзімде осы қылмысты жасаған тұлғаларды анықтады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.