Әбдіров Үндістанның сайлау жөніндегі бас комиссарымен кездесті
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Үндістан Республикасының сайлау жөніндегі Бас комиссары Раджив Кумармен кездесті.
Дөңгелек үстел барысында екі елдің орталық сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сайлау науқандарын ұйымдастыру тәжірибесі талқыланды.
Нұрлан Әбдіров бастаған қазақстандық делегация биыл, мамыр айының басында Үндістан тарапының шақыруы бойынша Халық өкілдер палатасына сайлаудың үшінші кезеңінде халықаралық байқауға қатысқанын еске сала кеткен жөн.
Қазақстанмен қатар тағы 22 елдің өкілдері саяси науқанға байқаушы ретінде атсалысты.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Сіздің басшылығыңыздағы сайлау саласында халықаралық және аймақтық қауымдастықтар шеңберінде белсенді қызмет атқарып жатқан Үндістан сайлау комиссиясының қызметін таңдана қадағалап отырмыз. Алдағы уақытта Қазақстандағы сайлау науқандары мен референдумдарын байқауға сіз өзіңіз қатысады деп үміт білдіреміз.
Раджив Кумар, Үндістан республикасының Сайлау жөніндегі бас комиссары:
- Екі елдің арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Үнемі даму жолында келеміз. Үндістанда өткен парламенттік сайлауда Қазақстанның байқаушы ел ретінде қатысуы осыны айғақтайды. Мақсатымыз тек тәжірибе алмасумен ғана шектелмейді. Алдағы саяси науқандарда да өзара іссапар жасау және біліктілік арттыру саясатын жалғастырамыз. Екіжақты әріптестік және өзара түсіністік меморандумына қол қою жөнінде уағдаластық. Осы орайда Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мырзаға ризашылығымды білдіремін.