Сенат спикері ЕҚЫҰ төрағасымен кездесті

Иан Борч Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен де кездесті, деп хабарлайды 24kz.

Басқосуда Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының арасында әскери-саяси, экономикалық, экологиялық, гуманитарлық бағыттар бойынша жемісті серіктестік орнағаны айтылды. Тараптар Орталық Азиядағы геосаяси ахуалды, экологиялық қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ, энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика, білім және туризмдегі ынтымақтастықты нығайту жағын талқылады. Иан Борч Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық өзгерістерге оң бағасын берді.