Елімізге ЕҚЫҰ төрағасы келді

Елімізге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы – Мальта Республикасының Сыртқы, Еуропалық істер және сауда министрі Иан Борч ресми сапармен келді.

Сапар аясында ел Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен бірқатар келіссөздер өтті. Тараптар арадағы екіжақты ынтымақтастық жөнінде айта келе, түрлі бағыттардағы ықпалдастықты жан-жақты талқылады.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:

02:10 Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасымен өңірдегі және жаһандық өзекті тақырыптар бойынша жан-жақты пікір алмастық. Жалпы, көптеген халықаралық мәселелер бойынша елдеріміздің ұстанымы ортақ. Тіпті жақын деуге болады. Еліміздің көптеген ұйымдарға төрағалығын ортаға салдық. Сондай-ақ 50 жылдығы қарсаңында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының беделін арттыру жолдарын қарастырдық.

Иан Борч, ЕҚЫҰ төрағасы:

- Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдер аумағындағы ынтамақтастығымызды кеңейте түсуіміз қажет. Біз Қазақстанның жаңа бастамаларын әрдайым қолдаймыз. Және бүгінгі кездесу біздің қазіргі әріптестігімізді нығайта түсетіне сенімдімін.