Қазақстанда Кореяға қажетті қазба байлықтың барлығы бар

Қазақстанда Оңтүстік Кореяға қажетті барлық маңызды минералдар бар.

Бұл туралы Сеулде өткен энергетикалық сарапшылар кездесуінде, еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Қазір қос мемлекет жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша ынтымақтастық орнатып, осы бағытта бірқатар жобаны қолға алған. Оңтүстік Корея компаниялары Шығыс Қазақстан облысындағы Бакен кен орнында литийдің үлкен қорын анықтады. Корея, Геология және минералдық ресурстар институты өкілдерінің айтуынша, елімізге, жалпы өнеркәсіптік даму үшін 33 маңызды минерал қажет. Соның бірі - литий. Ғалымдар бір электромобиль жасап шығару үшін осы металдың 60 келісі керек дейді. 

Тұрар Жолмағамбетов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары:

- Енді оның нақты саны мен сапасын барлау жұмысы басталған кезде, барлау жұмысы жаңағы, бурениесі бар, сол кезде нақты белгілі болады. Енді біз үміттеміз осы KIGAM-ның өзінің геологиялық компетенциялары дегеніне жетіп, елімізде үлкен қор – литий қорын шығарады. Енді ол өздерінің жұмыс жоспарына және қаржысына байланысты. Қаржысы мол болатын болса, осы бір жылдың, бір жарым жылдың көлемінде бұл жұмыстарды бітіруге болады.